Неліктен адамға «мәмбет» деп тіл тигізуге болмайды?

masa.media түсіндіреді


12/04/2021
12:05 7615 0

Қазір Қазақстан қоғамында, әсіресе жастар арасында «мәмбет» сөзі тіл тигізетін сөзге айналды. Бірі мәмбет деп ауылдан келгендерді, бірі көшенің қақ ортасында түкіретіндерді, ал басқасы көзқарасы консерватив адамдарды атайды. Бұл тізім мұнымен бітпек емес. 

 

Жалпы, бұл сөздің шығу төркіні қандай және оны неге айтпаған жөн? masa.media түсіндіреді. 

 

Орыс колонизациясының салдары 

 

«Мәмбет» түсінігі нақты қашан пайда болғаны белгісіз. Бірақ кей дерекке сенсек, XX ғасырдың 60-жылдары қала тұрғындары ауылдан келген, орыс тілін білмеген адамдарды «мәмбет, мамбич, колхозник» деп мазақтай бастаған. Ол кезде Кеңес одағына кірген республикаларда орыс тілі кеңінен тарап, жергілікті тілде сөйлеу — мәдениетсіздік, надандықтың көрінісі деген стереотип пайда болды. 

 

Кей адам «мәмбеттің» қазіргі мағынасы бұрынғысынан өзгеше, мәмбет деген — мәдениеттен жұрдай адамдар, ешкім ауылдан келгендерді, орыс тілін білмейтіндерді мәмбет деп жатқан жоқ дейді. 

 

Мәмбет «негір», «ниггер» сөздері іспеттес. Америкалықтар расизмнің көрінісі деп бұл сөздерді аузына алмағанды жөн көреді. Себебі кезінде құл иеленушілер қаранәсілді құлдарын «негір» деп атаған. 

 

Осы логикаға сүйенсек, адамды шыққан жеріне, орыс тілінде сөйлеп-сөйлемейтіне қарап алалағанда қолданылған сөзді айту этикаға қайшы, таза расизм.

 

Одан бөлек: 

 

Мәмбет — адам аты 

 

Сондықтан біреуді мәмбет дей отырып, аты Мәмбеттерге тіл тигізгендей боласыз, оларды ерікті-еріксіз өз атынан ұялуға мәжбүрлейсіз. 

 

Мәмбет — рудың аты 

 

Қазақтар үш жүз бен жүздеген руға бөлінеді. Солардың бірі — Мәмбет. 

 

Қазақта кемінде бір Мәмбет руы бар. Ол Орта жүздің Найманына жатады. 

 

Адамдарды бұлай атай берсеңіз, Мәмбет руынан шыққандар өз тегін айтуға қысылатын болады, ал бұл дегеніміз — харассмент.  

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

12/04/2021 12:05
7615 0

Уведомление